Екібастұзда полиция капитаны жол ережесін өрескел бұзған

Екібастұзда полиция капитаны жол ережесін бұзды. Сол үшін тәртіп сақшысы айыппұл төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде патрульдік полиция автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзғаны түсірілген видео тарады.

Облыстық полиция департаменті Екібастұз қаласының көшелерін Chevrolet Cobalt жұмыс көлігімен ведомствоға қарасты патрульдік полиция ротасының инспекторы, полиция капитаны Сенбаев аралап жүргенін хабарлады.

Ол қызмет барысында көлікті тоқтату немесе қою ережелерін сақтамауға байланысты жол қозғалысы ережесін бұзған.

"Капитанға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 19 660 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады департамент.

Полицей айыппұлды төледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!