Екібастұзда үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай бала суы бар шұңқырына құлап, батып кетті. Оның денесін қала тұрғыны тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісіне берген хабарына қарағанда, қайғылы оқиға 31 мамырда күндіз болған.
"Сағат 17:28-де полиция департаментінің кезекші қызметінен Екібастұзда Торайғыров көшесінің маңындағы шұңқырда бала ойнап жүргенде тайып құлағаны және суға батып кеткені туралы хабар түсті. Куәгер шұңқырдағы судан 2019 жылы туған баланың денесін тауып алып, шығарды, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Желіде оқиға орнында түсірілген фото тарады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл жерге бірдеңе салмақ болған, бірақ кейін бұл жер қараусыз қалып, нөсер жаңбырдан кейін суға толған.
Оқиға болған жер қоршауға алынған. Бала өлімінің мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, ересектердің қарауынсыз ойнаған бала құлап, суға батып кеткен", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!