Екібастұзда өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден екі адамды құтқарды

Екібастұзда өртсөндірушілер жанып жатқан пәтерден екі адамды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Екібастұзда өртсөндірушілер өрттен екі адамды құтқарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласында Кеншілер көшесі бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде 4-қабаттағы пәтерден өрт шықты.

ТЖД күшімен құтқару қалпақтары арқылы баспалдақ маршымен екі адам құтқарылды. Өрт 10 шаршы метр аумақта жедел сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!" – деп кеңес берді құтқарушылар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова