Екібастұзда 2009 жылы туған 9-сынып оқушысы Темірлан Өмірбаев жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған ұлының жоғалып кеткені туралы оның туыстары хабарлаған.
Ол 22 қараша күні сағат 03:00 шамасында М.Әуезов көшесі, 157 мекенжайынан кетіп қалып, оралмаған.
Белгілері: бойы 170–180 см, дене бітімі орташа, шашы қошқыл қоңыр, көзі қоңыр, сол жақ бетінде меңі бар.
Күртеше (ашық қоңыр-қара), қара джинсы шалбар, қара қалпақ және қара кроссовка киген. Ұялы телефоны бар.
Кәмелетке толмаған баланың жүрген жері туралы ақпарат болса, полицияның 102 нөміріне немесе Екібастұз қаласының полиция басқармасына 8 (7187)75-05-45, 75-05-54 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!