Екібастұзда қызды зорлаған күдікті ұсталды

Екібастұзда қызды зорлаған күдікті ұсталды
Фото: Tengrinews.kz

Екібастұзда қызды зорлаған күдікті ұсталды. Ер адам мессенджерде қызбен оның сеніміне ие болу үшін хат алмасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"Тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғушылығына қарсы кезекті қылмысқа байланысты Екібастұз білім бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова тікелей эфирге шықты.

(...) Біздің балаларымыз өте сенгіш, қыздарымыз сенгіш, әсіресе бес-жетінші сыныпта оқитындар. Қыздарға мүмкін отбасындағы махаббат, мүмкін әке-анасының назары жетіспейтін болар. Бұл жағдайда жасөспірім қыз ересек еркекпен Telegram-каналда хат жазысып, оған сеніп қалған, – деді Лаура Дисюпова.

Еске салайық, 16 және 17 жастағы екі қызды зорлау оқиғасы бойынша тергеу басталды. Олардың бірі – көпбалалы отбасынан, екіншісі – толық емес отбасынан. Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шакеневаның ақпараты бойынша, зорлаушы көп балалы отбасының үлкен ұлдарының бірінің жақын танысы. Қыздар болған жағдайды айтуға қорыққан. 30 жасар ер адам бұл туралы алкоголь ішіп отырып досына айтып қойған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан