Екібастұзда күтушінің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалды

"НеМолчи.kz" қорына ата-аналардан Екібастұздағы жекеменшік балабақшада күтушінің балаларына қатыгездік танытқаны туралы хабар түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қордың хабарлауынша, ата-анасы ауруханаға барған, онда 1,8 жастағы баланың миы шайқалғаны, денесі көгергені, гематомалар анықталған. Олар полицияға арыз жазды.

Видеода күтушінің демалыс уақытында баланы ұрып жатқанын көруге болады.

"НеМолчи.kz" мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша іс қозғалды.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл деректі Екібастұз полиция басқармасы тіркеген.

"Осы видео бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомство.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget