Екібастұзда жылу коллекторында әйел өлі табылды

Екібастұзда жылу коллекторында әйел өлі табылды

Екібастұздағы М.Жүсіп - Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығы жанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 18 желтоқсанда түскен. Өртті сөндіру кезінде коллектордан адамның мәйіті табылды. Аталған фактіні 112 қызметкері растады, мүрде жедел жәрдем бригадасына сараптамаға тапсырылды.

Екібастұз полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!