- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда жолаушылар автобусы...
Екібастұзда жолаушылар автобусы жол апатына түсті: 15 адам зардап шекті
Екібастұзда екі қалалық автобус соқтығысып, 15 жолаушы зардап шекті. Зардап шеккен төрт адам, оның ішінде 6 жасар қыз ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 18 шілде күні таңертең болған. №7 және №33 қалалық екі автобустың қатысуымен болған жол апаты Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, соқтығыс салдарынан автобустардың бірі жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің, оның ішінде 6 жасар баланың миы шайқалған, жабық бассүйек-ми жарақатын алған.
"Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ, жол апатынан кейін тағы 12 адам өздері медициналық көмекке жүгінді. Жолаушылардың бірі ауруханаға жатқызылды, қалғандары стационарлық емдеуден бас тартып, амбулаториялық емге ауыстырылды. Өтініш білдіргендер түрлі жарақат алған, соның ішінде төрт адамға жабық сүйек сынығы диагнозы қойылды", - деді өңірлік Денсаулық сақтау басқарма өкілдері.
Дәрігерлер зардап шеккендер саны әлі де көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Полиция оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Г. Досымшалова