Екібастұзда жоғалып кеткен әйел әлі табылмай жатыр
Екібастұзда еріктілер жоғалып кеткен әйелді екінші тәулік бойы іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"VITA еріктілер жасағының мәліметінше, 28 наурызда таңғы сағат 5 шамасында 40 жастағы Қырмызы Сарбасова Ломоносов көшесі бойында орналасқан үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кетті. Жоғалып кеткен күннен бұрын әйел Павлодар қаласынан Екібастұзға әкесінің үйіне дейін келген болатын. Еріктілер мекенжайындағы тұратын туысқандарды сұрастырып, жанындағы дүкендердің камераларын қарады, алайда бейнежазбаға Қырмызы түспеген. Ол Павлодарға қайтып оралуы мүмкін деген күдікпен біз вокзалды да тексердік. Бүкіл жерден іздеп жатырмыз", - деді еріктілер.
Қырмызы Сарбасованың бойы 150-150 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара түсті. Үстінде ақ курткасы, спорт киімі, көк бас киімі, қызыл кроссовки бар.
Еріктілер Қырмызыны біреу көрген болса немесе ол туралы ақпаратты білсе келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (778) 295-97-55 Самал, 8 (747) 615-55-63 Катерина.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан