Екібастұзда жеңіл көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, біреуі қаза болды. Зардап шегушілердің біреуі ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 14 маусымда сағат 22:55-те Екібастұздағы Мәшһүр Жүсіп көшесінде болған. Volkswagen Passat көлігін мінген 30 жастағы жүргізуші басты жолға шығып бара жатып, жол бемей Toyota Crown көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан Toyota жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, екі адамды қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде қаза болды. 34 жастағы жаяу жүргінші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері.
Көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған.