Екібастұзда желден құлаған аялдама әйелдің аяғын сындырды

Екібастұзда желден құлаған аялдама әйелдің аяғын сындырды. Ол амбулаторлық емделуге үйге жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз ауруханасының мәліметінше, 7 қарашада екі зардап шеккен адам травматологиялық пунктіге жүгінді. Қатты дауылдан павильон аударылып, аялдамада тұрған 56 жастағы әйелге құлап, оң аяғынан жарақат алды.

"Оған тобықтың жабық сынуы деген диагнозы қойылды. Ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қажетті көрсетілген көмектен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп хабарлады Екібастұз әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екінші зардап шеккен әйел 47 жаста. Ол оң жақ иық буынының жарақатын алды. Науқас ауруханаға жатқызудан бас тартты, амбулаториялық емделуге жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда дауыл кесірінен ағаш құлап, зейнеткер көз жұмғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!