- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда ер адам...
Екібастұзда ер адам өз туған күнінде көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болды
Екібастұздық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz
13 мамырда сағат 13.40 шамасынды полиция басқармасының кезекші бөліміне Торайғыров көшесінде орналасқан 5 қабатты үйдің төбесінен ер адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Ер адам оқиға орнына жеткен полицейлерге "Маған жақындамаңдар! Әйтпесе мен қазір секіремін!” деген.
"Төбеге көтеріліп, ер адаммен сөйлесе бастадым. Оның назарын аудару үшін сұрақтар қойдым. Ол бүгін оның туған күні екенін және оны ренжіткенін айтты. Мен оған соған бола секірмей-ақ, екеуіміз бірге осы мәселені шешейік дедім", - дейді полиция қызметкері Нұрсұлтан Серікбаев.
Осы кезде учаскелік полицей оны өзіне тартып, бірінші баспалдақпен түсіре бастады. Төменде жедел медициналық көмек күтіп тұрды. 28 жастағы ер адам дәрігерлерге тапсырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан