- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда ер адам...
Екібастұзда ер адам әйелін өзі босандырып алды
Екібастұзда ер адам дәрігерлер келгенше, әйелін өзі босандырып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Павлодар облысы жедел жәрдем станциясына сілтеме жасап.
Тұрғынға 103 диспетчері телефон арқылы нұсқама берген.
28 қаңтарға қараған түні қалада 103 пультіне шұғыл шақыру түскен. Жүктіліктің 41-аптасында болған 36 жастағы әйелдің толғағы басталған.
Медициналық бригада шұғыл түрде мекенжайға жіберілді. Олар 9 минутта оқиға орнына жеткен. Бұған дейін күйеуі әйелін босандырып алған.
"Ер адам үрейге бой алдырмай, белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Бүгінде ана мен сәбидің денсаулығы жақсы. Олар перзентханаға жеткізілді", – деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Оның айтуынша, былтыр жедел жәрдем бригадасы 22 әйелді үйде босандырған. Жыл басынан бері 6 әйел үйде босанған. Олардың жанында дәрігерлер болған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz