Екібастұзда екіқабатты үйдің шатырып өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Отарқа" газетінің хабарлауынша, өрт Мәшһүр Жүсіп көшесі, 2 мекенжайындағы екіқабатты тұрғын үйдің шатырынан шыққан.
Бір-бірімен қиылыса орналасқан екі үйдің де шатырлары жанып кеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"Өрт сөндірушілер 30 адамды эвакуациялады, оның ішінде 7 бала бар. Өрт сөндірушілер 6 газ баллонын шығарды", - деп хабарлады ол.
Өрт 18:43-те ауыздықталған, себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!