Екібастұзда екі колледж студенті төбелесті. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
29 қыркүйекте Екібастұзда екі кәмелетке толмаған бала төбелесті. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратта оқиға №21 мектептің маңында болғаны айтылған.
"Колледж студенттері Екібастұз қаласының ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады облыстық білім беру басқармасы.
Кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!