Әлеуметтік желіде "Екібастұзда екі бірдей жасөспірім өз-өзіне қол жұмсағаны" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдайға Павлодар облысының Полиция департаменті өкілі пікір білдірді.
"Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша полиция қылмыстық істер қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 9-сынып оқушысы мектепте қайтыс болғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!