Екібастұзда денешынықтыру мұғалімі оқушыға тиісті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінің денешынықтыру мұғаліміне шағымданған. Әйелдің сөзінше, мұғалім қызына тиіскен.
"Денешынықтыру мұғалімі қызыма тиісті, ол қазір 14 жаста. Ол оған ұятсыз сөйлемдер және жақындық туралы тұспалдап, дауыстық хабарламалар жіберді", - деп жазды мектеп оқушысының анасы Instagram-парақшасында.
Жазбадан кейін жергілікті парақшалардың бірінде сол педагогтың басқа оқушыларға жолдаған видеолары мен дауыстық хабарламалары пайда болды.
Екібастұздың білім бөлімі өкілі мұғалімге бұрын мұндай шағымдар түспегенін мәлімдеді.
"Ата-аналардың немесе оқушылардың ешқайсысы бұл мәселе бойынша мектепке немесе білім бөліміне жүгінген жоқ. Біз ақпаратты білген бойда дереу полиция басқармасына жеткіздік. Қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді қалалық білім бөлімі өкілі.
Полиция басқармасы бұл ақпаратты растады.
"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 123-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!