Екібастұзда дәмханада жанжал шығарған қыз қоғамдық жұмыстарға тартылды

Екібастұзда дәмханада жанжал шығарған қыз қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Екібастұзда мас күйде қаладағы дәмханалардың бірінде жанжал шығарған екі қызға қатысты сот қаулысы шықты.

Келушілер арасында шыққан жанжал соққыға ұласып, қыздар бір-біріне қол көтерген. Оқиға өзге қонақтардың көзінше болған. Сот істі қарай келе, бір қызды кінәлі деп танып, оны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзеу жұмыстары түріндегі жазаға тартты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!