Екібастұзда бесінші қабаттан бала құлады. Үш жастағы ер бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 5 тамызда 17:07-де биіктен құлау туралы хабарлама түсті.
"2021 жылы туған ер бала үйдің бесінші қабатынан құлады. Медициналық бригада үш минутта жетті", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Зардап шеккен бала Екібастұз қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында, ауыр жағдайда жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!