Павлодар облысы Екібастұз қаласында балықшы жоғалып кетті. Іздеу шараларына бес адам мен бір техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 наурызда сағат 17.55-те Шідерті кентінде орналасқан жетінші-сегізінші сорғы ауданында 1951 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол таңғы жетіде автокөлігімен балық аулауға шыққан.
"Балықшы байланысқа шықпағаннан кейін немересі іздеуге кірісіп, сағат 17:20-да көлігін тапты. Іздеуге полиция мен еріктілер қосылды, - деп хабарлады департамент.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында суға батып кеткен балықшы өлі табылғанын хабарлаған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!