Екібастұзда жүкті әйел терезеден құлады. Оның құрсағында алты айлық сәби болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы Екібастұз қаласынның тұрғыны анасымен бірге тұрған, артында 10 жастағы баласы қалды.
"Ол жүктіліктің 22-аптасында болғаны анықталды. Әйелдің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Павлодарға жіберілді, - деп хабарлады басқарма.
Еске салайық, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де жүкті әйел биіктен құлаған. Полиция аталған фактіге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!