Екібастұздағы автогаз бекетінде шыққан өрттен жасөспірім көз жұмды, 17 жастағы баланың кім екені анықталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Екібастұзда автогаз бекетіндегі шыққан өрт 15:00-де ауыздықталды. Автогаз бекетінде тұрған төрт газ резервуары жанып кетті. Сондай-ақ аумақта 40 газ баллоны болған.
"15:22 шамасында цистернаның жанынан 17 жастағы бала табылды. Ол оқиға орнында мерт болған, оның жеке басы анықталып жатыр", - деп хабарлады департамент.
Өрт көршілес тұрған "Феруза" дүкеніне жетіп, өрттің көлемі одан әрі ұлғайған. Сонымен бірге өрт салдарынан станцияның маңында орналасқан 20 метрлік су мұнарасының шатыры өртенді.
Өрт 15:44- те сөндірілген.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Екібастұз қаласында автогаз бекетінің жарылуы салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінген.
Өрт куәгерлері қатты стресске ұшыраған. Олардың бірі қайтыс болған 17 жастағы баланың анасы. Қалғандары - 1991 және 1974 жылы туылған әйелдер. Ауруханаға жеткізудің қажеті болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!