Екібастұзда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалды. Салонда 24 адам болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ПАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, арыққа түсіп кеткен.
Ол кәсіпорындардың бірінен жұмысшыларды тасымалдап жүрген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайғылы оқиға тіркелген жоқ, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!