- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда "әкімдікте бомба...
Екібастұзда "әкімдікте бомба бар" деп хабарлаған ер адам қамауға алынды
Екібастұзда "әкімдік ғимаратына мина қойылды" деп жалған ақпарат берген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Басылым мәліметінше, 6 желтоқсанда сағат 20.30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына дереу бүкіл қызмет жіберілді. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Ғимараттағы 3 қызметкер эвакуацияланды. Тексеру барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылмады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу нәтижесінде полиция Екібастұз қаласының тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол өз кінәсін мойындады", - дейді қалалық ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.
Полиция күдіктінің 2019 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова