Екібастұзда 57 жастағы әйел үсіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 12 қаңтарда болған. Қаладағы Беркімбаев көшесінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ белгісіз әйелдің денесі табылған.
Полиция сот-медициналық сараптама жүргізген. Сараптама нәтижесі бойынша, 57 жастағы әйел адам аяздан үсіп қайтыс болғаны анықталды.
"Әйелдің жеке басы анықталды. Ол Екібастұз қаласының 1966 жылы туған тұрғыны болып шықты", - дейді полиция өкілдері.
Бұған дейін бұл дерек бойынша соталды тергеу болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!