- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда 30 жастағы...
Екібастұзда 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді
Екібастұзда 30 жастағы әйел балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "кінә осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн күдікті кiнәсiз болып есептеледі" деді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек