- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда 15 жастағы...
Екібастұзда 15 жастағы қызына көлік тізгінін берген әйел жазаланды
Әлеуметтік желіге жүргізілген бақылау кезінде кәмелетке толмаған қыздың автокөлік жүргізгені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кәмелетке толмаған баланың анасы көлік қозғалысы кезінде қасында болған.
"Полиция автокөлік иесінің және кәмелетке толмаған жүргізушінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, әйел 15 жасар қызына көлік жүргізу дағдыларын үйреткен. Көлік құралын жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаға бергені үшін көлік құралының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Екібастұз полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Сонымен қатар заңды өкіл қызының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауына әкеп соққан кәмелетке толмағанға тәрбие мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаланады.
Осы іске қатысты материал сотқа жіберілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан