- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1-МАЭС станциясындағы ақау
Екібастұзда 1-МАЭС станциясынан ақау шықты: Энергетика министрлігі түсінік берді
Екібастұзда 1-МАЭС станциясынан ақау шықты. Бұған қатысты Энергетика министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-на тиесілі №1 мұржаның оқпаны бойындағы қарау люктерінен түтін газдары шықты. Себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еліміздің басқа электр станцияларында өндіріс алдын ала ұлғайтылды.
Аталған жағдай тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұздағы МАЭС-1 станциясында №3 энергоблоктың жұмысы тоқтатылғанын хабарлаған едік.
№3 энергоблокты тоқтатуға мұржаның жан-жағынан қара түтіннің будақтауы себеп болған. Тұрғындар желіде видеоларын да жариялады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан