- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Павлодардағы жағдай
Екібастұзда 1-МАЭС станциясынан ақау шықты
Екібастұз қаласындағы МАЭС-1 станциясында №3 энергоблоктың жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№3 энергоблокты тоқтатуға мұржаның жан-жағынан қара түтіннің будақтауы себеп болған. Тұрғындар желіде видеоларын да жариялады.
Енді мұржа әбден суыған соң арнайы мамандар себебін анықтайды. Бұл туралы "Самұрық-Энерго" АҚ-ның баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.
"2024 жылғы 12 қарашада сағат 16:00-де Екібастұз 1-МАЭС жабдығын аралау және тексеру барысында №1 түтін құбырының балконы төңірегінде шаң пайда болғаны анықталды. Шаңдану себептерін анықтау үшін №3 энергия блогын ажырату туралы шешім қабылданып, түтін құбырына ішкі тексеру жүргізу мақсатында мамандандырылған ұйым тартылды. Жүргізілген талдау негізінде қажет іс-шаралар жоспары әзірленеді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір станцияда электр қуатын өндіру көлемі азайды. Бұған дейін тәулігіне 2700 МВТ энергия шығарып келген станция бүгіннен бастап 1777 МВТ беріп тұр.
1-МАЭС станциясына алдағы желтоқсанға дейін күрделі жөндеу жасап, №1 энергоблокты іске қосу жоспарланған еді.
Станция тәулігіне 4000 МВТ қуат өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 8 энергоблок бар.
Е.Базарқұл
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова