Екібастұз тұрғыны есірткіні балконда сақтаған. Ол ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторы Мұхтар Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде есірткіні заңсыз сақтау және пайдалану дерегін анықтады.
Тексеріс барысында ер адам есірткіні пәтердің балконында сақтағаны белгілі болды. Тәркіленген заттар арасында шыны банка мен сұр-жасыл түсті, арнайы иісі бар пластикалық банка да бар.
"Бұл заттар сараптамаға жіберілді. Медициналық тексеру нәтижесінде ер адам алкоголь мен каннабиноидыны бірге қолданғаны және мас болғаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір есірткіні заңсыз сақтау және қолдану дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленгені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!