Екібастұз тұрғыны балконнан темекі тұқылын тастаған көршісін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұздың орталық ауруханасына Б.Момышұлы көшесінің 57 жастағы тұрғыны жүгінген. Ведомство мәліметінше, дене жарақатын 45 жастағы көршісі салғаны анықталған. Жанжалдың себебі балконнан тасталған темекі тұқылы болған.