- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екібастұз МАЭС-2" жаңғырту...
"Екібастұз МАЭС-2" жаңғырту кезінде шамамен 1 миллиард теңге жымқырылған
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Павлодар облысында "Екібастұз МАЭС-2" станциясын жаңғырту кезінде шамамен 1 миллиард теңге жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
"Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілері анықталды. Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 миллиард теңге болды", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы, залалдың түпкілікті сомасы және оған қатысы бар адамдар анықталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz