- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұз ЖЭО-дағы ақау...
Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді
Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.
Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалып, резервтегі қазандықтар іске қосылғаны хабарланған болатын.
10 желтоқсанда сағат 01.10 шамасында Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдануы анықталған. Құбыр 05.30-да қалпына келтірілді. Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина