- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұз ЖЭО-да штаттан...
Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай болды
Екібастұз ЖЭО-да түнде апат салдарынан үш қазандық тоқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 қаңтарға қараған түні Екібастұз үйлерінің бір бөлігінде жылу батареялары суып қалған. "Павлодарэнерго" АҚ өкілі жылу параметрлерінің төмендеуі штаттан тыс жағдайға байланысты болғанын түсіндірді.
"7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай болды. Үш жұмыс істейтін қазандық тоқтатылды", - деді "Павлодарэнерго" АҚ Бас директорының м.а. Вадим Лесин.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның айтуынша, станция қызметкерлері апатты тез арада қалпына келтірген. Таңертең екі қазандық іске қосылған.
"Қазір жұмыста бес қазандық агрегаты бар. Қала температурасы 47 градусқа дейін төмендеді. Қазір ол көтеріліп жатыр. Жағдай бақылауда қалады және тұрақтанады. Тәуліктің соңына қарай тағы бір қазандық агрегатының жөндеуден шығуын күтеміз", - деді Лесин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова