- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұз ЖЭО-да күл...
Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалды: резервтегі қазандықтар іске қосылды
Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалды. Резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 желтоқсанда сағат 01.10 шамасында Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдануы анықталған. Құбыр 05.30-да қалпына келтірілді.
Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екібастұз қаласының ЕЖЭО және ТЖ басқармасының жұмысшылары суды сору жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, алмастыру және багер сорғы станциясын кейіннен іске қосу үшін резервтік қозғалтқыш дайындалды.
Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14) жұмыс істеп тұр. Оның ішінде су жылыту цехының 3 қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істейді.
Жеткізу температурасы 70 градус. Гидравликалық қысым бекітілген режим аясында қамтамасыз етілген: жеткізілімде 9 келі және қайтарымда 1,5 келі. Алдағы сағаттарда багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталады, содан кейін кестеге сәйкес көмірдегі су жылыту қазандықтарының стандартты жұмысы қамтамасыз етіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина