Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин апаттық жағдай кезінде үйінде жылу болған, болмағаны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екібастұз қаласын жылумен қамтудың қазіргі жағдайы туралы өткен баспасөз мәслихатында әкімнен жылу электр орталығындағы апат кезінде отбасымен қайда болғаны және үйінде жылу бар-жоғы сұралды.
"Кварталішілік желілерде де бұзылулар болды. Кварталішілік желілерді өшіру туралы шешім қабылданған кезде менің отбасым Екібастұз қаласында 24 сағат бойы болды. Біз осы жаққа көшіп келгелі бері отбасым басқа жаққа кеткен жоқ", - деп жауап берді Аян Бейсекин.
Сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Олег Крук бүгін су құбырын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
"28 тұрғын үйдің сегізіне жылу қосылды, су құбырын жібіттік", - деді Крук.
Екібастұз әкімі барлық жөндеу жұмысы аяқталған соң қаладағы төтенше жағдай алынатынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!