Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға қатысты іздестіру ісі 1 қарашада Астанада тіркелген.
Оған Қазақстанның Ішкі істер министрлігі іздеу жариялаған. Ал іздестіру жұмыстарын Байқоңыр ауданының полиция басқармасы жүргізеді.
Сондай-ақ, Екатерина Бивол ТМД азаматы екені көрсетілген.

Еске салайық, өткен аптада Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова