Екі шымкенттік жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан

Екі шымкенттік жалған купюралар мен есірткі заттарын сатуға тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді. Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын "гашиш" есірткі заты екенін растады.

Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды.

Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!