- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі шетелдік Шымкентте...
Екі шетелдік Шымкентте есірткі зертханасын жасап алған
Шымкент қаласында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әшкере болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операцияны тамызда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті мен прокуратура органдары жүргізген.
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Шамамен 4 келі "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталған болатын. Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін өндіріс орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптылардың синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат мефедрон есірткі заты болып шықты. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
С. Сатыбалдина