- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі саудасы
Екі шетелдік өз “қамқоршысының“ тапсырмасымен есірткі сату үшін Қазақстанға келген
Жетісу облысы Ескелді ауданында полиция прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Екі шетелдік өз "қамқоршысының" тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды", - делінген хабарламада.
Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында есірткі зертханасы жойылғанын жазған болатынбыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова