- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі саусақтан бас...
"Екі саусақтан бас бармақ жасау қажет болған": дәрігерлер 2 жасар балаға ерекше ота жасады
Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасап, екі жасар баланың қолындағы артық саусағын алып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, қыз бала полидактилияның күрделі түрімен туған. Оның оң қолындағы бас бармағы қосарланып кеткен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, артық саусақты алып тастау оңай шаруа емес. Ол үшін қолдың эмбриологиясын жетік білу қажет. Оның үстіне іштей кемістік салдарынан қосарланып кеткен бас бармақтың пішіні бұзылып, тым жіңішкеріп кеткен екі саусақтан бас бармақ жасау қажет болған.
Ота жансыздандырудың бірегей технологиясын қолдана отырып жасалған.
"Бұл технология барысында процесті толығымен УДЗ құралы арқылы бақылап отыру қажет. Ол жансыздандыру кезінде қолданылатын наркоз мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Бала тез есін жиып, наркоздың кері әсері азаяды. Бала операция залында оянады", - дейді аурухананың травматология бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова