- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі рет өміріме...
"Екі рет өміріме қауіп төндірді": әйел такси жүргізушісі өзін айдалаға тастап кеткенін айтты
Әлеуметтік желіде қазақстандықтың такси жүргізушісіне шағымданған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, жәбірленуші 11 қарашада Павлодар-Астана бағытына индрайвер арқылы такси шақырған.
"Мемлекеттік нөмірдегі қара түсті Toyota 70 маркалы көлігі келді. Көлік жүргізушісінің есімі - Ерлан. Мені және таныс емес тағы 3 жолаушыны алып кетті. Жолда жүргізуші жол бойы телефон қарап келді. Яғни WhatsApp-та отырып, сағатына 150-160 шақырым жылдамдықпен жүрді... Телефонды алып таста деген өтінішіме, жауап беріп, телефонды тастап, жемпірін шешіп қойды да орындығының арқасына ілді. Осылайша, маған көрінбейтіндей етіп жауып тастады. Ауық-ауық телефон қарай берді. Бір сағаттан кейін тағы ескерту жасадым. Өйткені ол жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап береді. Бұған жүргізуші дөрекілік танытып, әрі қарай мені апармайтынын айтты. Мені айдалаға тегін әкеліп тастады келді. Ол тынышталады деген үмітпен видео түсіре бастадым. Ал бір жолаушы ұйықтағаннан гөрі WhatsApp-та отырғаны жақсы деді. Жүргізуші өміріме екі рет қауіп төндірді. 1. Жол қозғалысы ережелерін бұзу; 2. Айдалада жалғыз қалдырды", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шағымданушы бұдан кейін полицияға жүгініп-жүгінбегені белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова