Павлодар облысындағы Сілеті өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының маңындағы Сілеті өзенінде су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған жарылыс жұмыстары жүргізілген.
"Мамандар өзен арнасы тарылған учаскелерде мұз жамылғысын әлсіретті. Шамамен 1000 шаршы метр мұз өңделді. Мұз жамылғысын әлсірету бойынша қосымша жұмыстар, соның ішінде мұзды ұсату және кесу жұмыстары жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік жарылыстың кадрларын жариялады.
Айта кетейік, мұндай жұмыстар Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды және Теректібұлақ ауылдарының маңындағы өзендерде де жүргізілген.
@abcnews Authorities in Kazakhstan carried out controlled explosions on frozen rivers ahead of the Spring thaw. The blasts are designed to prevent ice jams on the waterways.#abcnews #news ♬ original sound - ABC News
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!