Екі өңірде оқушылар қатты аяздан қашықтан оқиды

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оқушылар 10 желтоқсанда қатты аязға байланысты қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран және Абай аудандарында бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Бұқар жырау ауданында барлық оқушы қашықтан оқуға ауыстырылды. Қарқаралы және Нұра аудандарында, Балқашта 0-7 және 8-cынып оқушылары үйден оқиды.

Риддерде 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды.

Алтай ауданында ауа райына байланысты 0-4 сыныптар үшін мына мектептер қашықтан оқуға көшеді:

"Новокрестьянская НШ" КММ, "Начальная школа им. Харина" КММ, "Крестовская НШ" КММ, "Путинцевская СШ" КММ, "Соловьевская СШ" КММ, "Чапаевская СШ" КММ, "Бикетов атындағы орта мектеп" КММ.

Самара ауданында ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Ақкөл ауылының мектеп-балабақшасында сабақтар қашықтан өткізіледі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!