“Екі оқушы ұлымның тілін кеспек болған“: Павлодардағы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

“Екі оқушы ұлымның тілін кеспек болған“: Павлодардағы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Кеше әлеуметтік желіде Павлодар тұрғыны 7 жасар ұлына қатысты жантүршігерлік жайтты айтты. Осы оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейінгі жағдай

Бұған дейін жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде мән-жайды баяндап берді.

"Шамамен 10 жастағы екі бала ұлымды жерге құлатып, біріншісі ұстап тұрып, екіншісі басынан, денесінен тепкілеген. Кейін тілін қайшымен кесе бастаған. Есеңгіреген ұлым олардан қашып, кіреберіске жетіп үлгеріп, үйге кірді", - деді ол. 

Полиция не дейді?

Қылмыстық іс шеңберінде полиция қызметкерлері көршілерден сұрастырып, оқиға орнын қарап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды талдаған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала соққыға жығылғаны расталмаған.

"Жасөспірім аулада әткеншекте ойнап жүріп, қызығушылықпен ерні мен тілін металға өзі тигізген. Қан көрген соң қорқып, әкесінің назарын аударту мақсатында оқиғаны ойдан шығарған. Баламен анасымен бірге профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкіліне мектеп психологына жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар, бала сауыққаннан кейін оның, заңды өкілінің әрекеті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget