Павлодар тұрғыны 7 жасар ұлына қатысты жантүршігерлік жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің анасы әлеуметтік желіде мән-жайды баяндап берді.
"Шамамен 10 жастағы екі бала ұлымды жерге құлатып, біріншісі ұстап тұрып, екіншісі басынан, денесінен тепкілеген. Кейін тілін қайшымен кесе бастаған. Есеңгіреген ұлым олардан қашып, кіреберіске жетіп үлгеріп, үйге кірді", - деді жәбірленушінің анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 14:00-де Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2018 жылы туған бала жеткізілген.
"Бала травматология бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова