- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі облыста су...
Екі облыста су тасқыны қаупі ескертілді
Қазгидромет синоптиктері еліміздің екі өңірінде су тасқыны қаупі бар екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, 20-22 наурыз аралығында Қостанай облысында қалыпты ауа температурасы сақталады. Салдарынан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар. Синоптиктер облыстың оңтүстігіндегі Наурызым, Жангелдин, Амангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында қар еруін, тасқын су болуы мүмкін екенін, мұз еруін және су деңгейі көтерілуін болжап отыр.
20-22 наурыз аралығында Ұлытау облысында (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) температура көтерілуіне байланысты қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова