Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы

14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі учаскелерде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді:

  • "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолы: 955–1121 км (Жамбыл облысының шекарасынан Күрті ауылына дейін);
  • "Қонаев – Күрті" автожолы: 0–67 км (Қонаев қаласынан Күрті ауылына дейін).

Жамбыл облысы

Сондай-ақ, 14 ақпанда сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 893–955 км аралығы ( Бурылбайтал ауылынан Алматы облысының шекарасына дейін) барлық көлік түріне уақытша жабылды.

Қозғалыс шамамен 15 ақпан, сағат 07:00-де қайта ашылады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз