Екі облыста жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Екі облыста жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Екі облыста жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы:

2024 жылғы 30 наурызда сағат 19:50-де Ақтөбе облысына қарай қозғалыстың жабылуына байланысты "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" авто жолының 234-545 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы - Қостанай қаласында) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

ШҚО:

2024 жылғы 30 наурызда сағат 20:00-де қар көшкініне байланысты көлік құралдарының барлық түріне тыйым мына жолдарда шектеу қойылды:

1. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының 6-166 шақырымы, Ушановское ауылы-Алтай қаласында учаскесі.

2. "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының 420-450 шақырымы, Берел ауылы-Рахман қайнары учаскесі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина