Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысында – 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, уч. Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
(бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қарағанды облысында – 1 учаске
1. "Екатеринбург - Алматы" 1505-1610 км, Новостройка к. -Ақсу-Аюлы к. – 105 км.
(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 408 бірлік техника және 519 жолшы жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!